Лабораторлық жұмыс №7.
Тақырыбы: Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктері.
Мақсаты: Adobe Photoshop.
Толықэкрандық режимінде жұмыс жасауды үйрету.
Тапсырмалар: Adobe Photoshop программасында жұмысты ұйымдастыру.
Photoshop программасында глобальді өзгеріс болмағанымен оған әртүрлі қосымшалар енгізілді. Оны біз программа іске
қосылғандағы жұмыс терезесінен көруге болады. Егер
кімде- кім алдыңғы версиялармен жұмыс істегендер болса, олар бірден жаңа пиктограмалардың, құралдардың жаңа түрін және т.б. кішігірім өзгерістердің енгізілгенін көретін еді.
Жасалған өзгерістердің ішінен мынандайы көзге түседі.
Программаға файлдар менеджері
(File Browser) енгізілген. Бұл “жаңалықтың” ыңғайлылығы сізге құжаттың кішірейтілген бейнесін көз алдыңызда көріп отырасыз. Сонымен қатар файл параметірлері де көрсетіліп тұрады (өлшемі, режимі, орналасқан жері, форматы)

Сурет 13. Файлдар менеджері
Аерограф құралы құралдар палитрасынан алынып, бояғыш параметірлеріне айналды. Бұның орнына құралдар палитрасына 2 автоматтандырылған ретушилеуге негізделген құралдар енгізілген (Сурет 14 қараңыз)
Сурет 14. Жаңа енгізілген екі құрал
Photoshop 7.0 программасына енгізілген өзгерістердің бірі түбегейлі өзгерген Brush
палитрасының әртүрлі параметірлері.
Егер сіз өз өміріңізде MS Office жүктемесінің Paint компонентімен жұмыс істеп келе жатсаңыз, онда сізге бірден Photoshop- та жұмыс істеу қиын болады. Бұл жайында Adobe корпорациясының алдын ала ойластырып қойған Auto Color командасы жұмысты тездетеді. Ол Image► Adjustments► Auto Color немесе Shift+ Ctrl+ B арқылы орындауға болады.
Жаңартуда программистер мынадай маңызды мәселені қамтыған. Ол егер сізге кейбір палитралар қажеті болмаса немесе жұмыс құралы керек болмаса оны әр программаға жүктелген сайын алып тастаудан өзіңізді босату үшін оны Work Space► Save арқылы сақтап қою керек. Өзіңізге керек кезде Work Space► Load арқылы шыққан менюге немесе Work Space контекстік менюінде сақталған атты шерту арқылы шақыруға боолады.
Енді бір көңіл аударарлық жаңалық, ол Adobe Image Ready 7 программасы. Бұл программа Adobe Photoshop 7.0 программа пакетіне стандартты қосымша ретінде кіреді. Өз компьютерімізге Photoshop 7.0- ді орнатқанда Image Ready 7 бірге орнатылады. Программа пакетіне қосымша дегенімен бұл анимация және әртүрлі қозғалыстар жасайтын жеке программа ретінде қарастырылуы керек. Бұл программаға Rollovers палитрасы қосымша енгізілді. Image Ready- ға көшу құралдар палитрасынан немесе File► Jump To► Image Ready арқылы орындалады (Сурет 15 қараңыз).
Сонымен бұл версия құрметті қолданушыны тағы да бір рет таңқалдырады. Тек таңқалдырып қана қоймай сонымен қатар жұмыс мүмкіндіктерінің сапасын және жылдамдығын арттырады. Осындай қайсиеттеріне қарай бұл программа растырлық бейнемен жұмыс істейтін
программалар ішінде ең жақсыларының алдыңғы қатарында келеді.
Программаны орнатуға қажетті системдік талаптар:
Процессор Pentium III немесе 4;
Microsoft Windows 98, Windows 98 Second Edition, Windows
Millennium Edition, Windows NT (Service Pack 6), Windows 2000(SP 2) және Windows XP;
128 Мбайт оперативті жад және жоғары;
16- биттік бейнеадаптар және жоғары;
CD- ROM

Сурет 15. Image Ready программасына көшу
Әдебиеті:
1 Компьютерная
графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе.
Харьков «Фолио»
Москва «АСТ», 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Аерограф құралы дегеніміз не?
2. Программаны
орнатуға қажетті жүйелік талаптарды атаңыз.
3. Auto Color
командасының жұмысы неде?